- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ағымдағы сессияға арналған заң шығару жұмысының міндеттерін айқындады
Сенат ағымдағы сессияға арналған заң шығару жұмысының міндеттерін айқындады
Сенатта хабарлағандай, Мемлекет басшысының парламенттік сессияның ашылуында алға қойған міндеттеріне сәйкес депутаттар үшжылдық республикалық бюджетті қарайды, Салық кодексі мен кеден заңдарын жетілдіру, Ұлттық Банктің екінші деңгейге қатысты бақылау өкілеттіктерін күшейту, сақтандыру жүйесін дамыту, дәрі-дәрмек айналымын реттеу, мемлекет мүдделері мен ақпарат қауіпсіздігін қорғау және құқық қорғау органдарын реформалау мәселелерін қарайтын болады.
«Біздің барлық жоспарлы жұмыстарымыз Президент айқындаған заңдарды алдын ала мұқият пысықтауға бағытталуы керек», - деді Қ.Тоқаев.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.
Бюро мүшелері «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өткізуге әзірлікті талқылады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастыратын шараны 22 қыркүйекте өткізу жоспарланды.
Бюрода сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу, сондай-ақ Сенаттың 2017 жылға арналған негізгі шаралар жоспарына өзгерістер туралы мәселелер қаралды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру