- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Индонезия парламентаралық диалогты нығайту перспективаларын талқылады
Қазақстан және Индонезия парламентаралық диалогты нығайту перспективаларын талқылады
Қ. Тоқаев индонезиялық делегацияға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан ИЫҰ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді. Сенат спикері Қазақстанда Индонезияның әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет құрудағы жетістіктері қызығушылықпен бақыланатынын атап өтті.
Ю. Калла Қазақстанды ИЫҰ форумын сәтті өткізуімен құттықтап, саяси, экономикалық, технологиялық және инвестициялық байланыстар саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті.
Қ. Тоқаев Қазақстанның конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамалары, сондай-ақ 2018 жылғы қазанда өтетін VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің күн тәртібі туралы ақпараттандырып, индонезиялық басшылардың алдағы форумға қатысатынына сенім білдірді.
Тараптар ислам білімі, экстремизм мен терроризмге қарсы идеологиялық іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сенаттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, кездесуге қатысушылар сондай-ақ Қазақстан-Индонезия парламентаралық диалогын нығайту перспективаларын да талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді