- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев БАӘ ПМК басшысы М. Әл-Гаргавимен кездесу өткізді
Б. Сағынтаев БАӘ ПМК басшысы М. Әл-Гаргавимен кездесу өткізді
Кездесу барысында экономиканың түрлі салаларында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, елдер арасында стратегиялық серіктестік орнату және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру, өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау туралы Келісім жобасы туралы, сондай-ақ Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында ынтымақтастық туралы Қазақстанның бастамаларын іске асыру тақырыптары қозғалды.
М. Әл-Гаргави Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті мен «Экспо-2017» өткізудің жоғары деңгейін атап өтті.
"Қазақстанның тәжірибесі Дубай қаласында келесі «Экспо-2017» Халықаралық көрмесін лайықты өткізуге септігін тигізеді", - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев өзара қарым-қатынасты дамытудың оң қарқынын атап өтті және қазақстандық тарап оны әрі қарай нығайту мен дамытуға барлық күш-жігерін салады деп сендірді.
ҚР мен БАӘ арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 1 қазанда орнады.
Әмірліктер ҚР тауар айналымында әлемнің 205 елінің ішінде 52-ші орынға ие, оның ішінде: Азияның 42 елінің ішінде - 16 орын және Шығанақтың араб елдері арасында - бірінші орын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы $374,2 млн құрады және 2015 жылмен салыстырғанда үш еседен астам ұлғайды. Қазақстанның Әмірліктерге экспорты да сәйкес импорттық көрсеткіштерден едәуір - төрт есеге асып түсті және 2016 жылы $305,2 млн құрады.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында елдер арасындағы тауар айналымы $317,3 млн құрады (экспорт — $273,8 млн, импорт — $43,5 млн). 2005–2016 жылғы кезеңде БАӘ-ден ҚР-ға тартылған тікелей шетел инвестициялары $2 011,8 млрд құрады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады