- Басты
- Жаңалықтар
- Ана мен бала орталығында 80 мыңнан астам күрделі ота жасалған
Ана мен бала орталығында 80 мыңнан астам күрделі ота жасалған

UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ашылғалы бері 140 мыңнан астам пациентке тиімділігі жоғары медициналық көмек көрсетілді. Олардың ішінде Қазақстан ғана емес, Орталық Азия, Еуропа, АҚШ, Ресей мемлекеттерінің азаматтары бар. 80 мыңнан астам күрделі ота жасалды.
Орталықта клиникалық бөлімшелер, зертханалар, оқу орталықтары, ғылыми медициналық кітапханалар және қосалқы қызметтер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында пациенттерге 32 бөлімше қызмет көрсетеді.
Орталықтың қуаттылығы 450 төсек-орынға есептелген. Олардың ішінде 100 төсек-орын акушерлік-геникологиялық, 35 төсек-орын неонаталдық, 176 төсек-орын педиатриялық, оның ішінде 106 төсек-орын онкологиялық және онкогематологиялық патологиясы бар балаларға, 139 төсек-орын хирургиялық патологиясы бар науқастарға арналған.
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 1000 астам адам емдеу процесіне қатысады, олардың ішінде 204 дәрігер, 342 орта медициналық қызметкер, 229 кіші медициналық қызметкер, 7 провизор, 234 өзге де қызметкерлер бар.
Биыл еліміздің барлық денсаулық сақтау мекемелері үшін эталон болып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне озық халықаралық тәжірибелерді трансферттеу мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ашылған Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына 10 жыл толады.
Қазіргі таңда аталған клиникалар «Назарбаев университеті» ДБҰ-ның еншілес ұйымы - «University Medical Center» корпоративтік қорының құрамына кіреді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері

