Қызылорда облысында "БЖК-2020" аясында 13 жоба мақұлданған

11 Қыркүйек, 2017 15:33
Қызылорда облысының Аймақтық үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 261,7 млн теңге сомасына 13 жобаға қолдау көрсету туралы шешім шығарды.

Мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсіпкерлер кепілмүлік жетіспеушілігі мен несие пайызын төмендету секілді мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Кәсіпкерлер қол жеткізген несиелерінің үстемесі 4% дейін азайды.

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, аймақтық үйлестіру кеңесі тарапынан мақұлданған жобалардың ішінде қазалылық жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтің кәсіпорны да бар. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында осыған дейін де кәсібін дамытуға мүмкіндік алған болатын. Қазалылық кәсіпкердің балық өндіру мекемесі жаңа құрал-жабдықтармен толығып, дамуға жаңа леп алуда. «Даму» қорының ішінара кепілдендіру бағдарламасы аясында Төребек Игіліков «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп, 16,5% жылдық үстемемен қол жеткізген несиесінің 10%-ы мемлекет тарапынан субсидиялануда. Кәсіпкер несиесін 6,5%-бен өтейтін болды.

 

Барлық жаңалықтар