- Басты
- Жаңалықтар
- Польшалық инвесторларға Павлодарда картоп пен қызылша өндіру ұсынылды
Польшалық инвесторларға Павлодарда картоп пен қызылша өндіру ұсынылды
Pavlodarnews.kz хабарлағандай, Павлодарға келген пояктар облыс әкімі Болат Бақауовпен бірге Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылындағы «Тимур» шаруа қожалығының егіс алқабын аралап көріп, ондағы картоп сапасына жоғары баға берді. Аймақ басшысы осы алқапта Польша өкілімен бірге картоп крахмалын өндіру мәселесін талқылады.
"Крахмал өндірісі үшін Павлодар облысындағы картоп өсіруші фермерлерден барлығы 400 мың тоннадай өнімді келісін 30 теңгеден береміз. Оның 25-30 пайызы тұтынуға жарамайтын өнім. Содан ғана крахмал өндіретін болсақ, бізге соның өзі жеткілікті. Егер солай іске асырмасақ, ұсақ картоп қоймада бекер орын алып жатады. Сонымен қатар, оны көршілес елдерге де экспорттауға болады", - деді Болат Бақауов.
Еске сала кетерлігі, 6-қыркүйек күні Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан-Польша экономикалық форумы өткен болатын. Аталмыш халықаралық маңызы бар жиынға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бастаған делегация қатысты. Форум барысында аймақ басшысы мен Польша өкілдері арасында Павлодар облысының аумағында «Агроқала» бағдарламасын іске асыру туралы» меморандумға қол қойды.
«Агроқала» бағдарламасы бұл – облыстағы ауыл шаруашылығы секторын дамытудың қолайлы жүйесі. Біз мұнда ауыл шаруашылығы саласына қажетті кадрлар дайындаймыз. Мамандарды университеттерде, техникумдарда және училищелерде оқытамыз. Себебі біздің бұл саладағы тәжірибеміз мол. Өйткені Польша Еуро Одақтың құрамында жұмыс істейді. Бағдарлама аясында Қазақстанға озық польшалық технологиялар, құрал-жабдықтар және мамандар келеді. Жалпы аумағы 55 мың гектер жерді құрайтын суармалы алқапты қалпына келтірмекпіз", - дейді Тадеуш Намедынский.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі