- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысына 11 елден инвесторлар тартылады
Қызылорда облысына 11 елден инвесторлар тартылады
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, 11 елден инвесторлар тартылады. Олар ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қызығушылық танытуда. Қызылорда облысында 50 мыңнан астам гектар жер пайдаланусыз жатыр. Қалталы азаматтардың осында кәсібін дамытуға мүмкіндіктері мол.
«Осы уақытқа дейін индустриялық жобалар бойынша 8 елге өнімдерімізді экспортқа шығардық. Ал биылдан бастап 10 елге өнімдерімізді таратамыз. Бір ғана мысал, бағдарлама аясында 2 бірдей испандық цехты іске қосқан «Аралтұз» АҚ өткен жылы шет елдерге 60 пайыз өнімін экспорттаған болатын. Тек соңғы 2 жылда Ресей нарығында ас тұзы бойынша 12 пайыз үлесті иеленді», - деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
Сонымен қатар, облыс көлемінде индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құны 610 млрд теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылуда.
Жалпы алғанда, 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды.
2017 жылдың 7 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 10,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемінің 12,1 пайызын құрады.
Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында осы жылы 23 жоба іске қосылады. Оның ішінде 10 кәсіпорын индустриялық аймақта орналасқан. Осыған дейін 7 шағын және орта кәсіпорын ашылған болатын. Жыл соңына дейін 16 кәсіпорын іске қосылмақ. 551 адам жұмыспен қамтылады.
Өңдеу өнекәсібі саласында жыл басынан бері 57,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқан. Ал инвестиция көлемі 19 пайызға өсіп, 92 млрд теңгені құрады.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады