- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодардағы құс фабрикасы қуаттылығын ұлғайтуда
Павлодардағы құс фабрикасы қуаттылығын ұлғайтуда
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Новочерноярка ауылының жеке кәсіпкері Ардақ Нұрғазин құс шаруашылығына кірісті. Бүгінде оның құс шаруашылығында Хайсекс Браун тұқымды жеті мың тауық бар. Күзде кәсіпкер тағы үш мың тауық сатып алмақшы.
"Құс шаруашылығының барлық қырын саралаған кәсіпкер мекиен тауық ұстауға бел буды. Ауданда бұл іспен әлі ешкім айналыспаған. Жергілікті кәсіпкерлер көкөніс және мал шаруашылығымен бұрыннан айналысып келе жатса, құсты бірен-сараны ғана алады", - деп атап өтілді әкімдікте.
Ақпан айында Ардақ Нұрғазин «Сарыарқа» бағдарламасы бойынша несие алды. 28 млн теңгеге мекиен тауық сатып алды, құс шаруашылығын жөндеп, құсқа азық сатып алды. Бұрын құрылысшы болған кәсіпкер құс шаруашылығын алдымен Павлодарда, ал биылғы жылы өрісін кеңейтіп, Павлодар ауданында да ашып отыр.
"Несиені жеті жылға алдым. Мен бұрын аздап құс өсірумен айналысқан болатынмын. Новочернояркада ісімді дамытып, мекиен тауықтарды сатып алдым. Қазірде қойма салып жатырмыз, қысқа дайындық үстіндеміз. Қойманы бітіріп, азық әкелмекпіз", – дейді Ардақ Нұрғазин.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бейбіт Жанғожинов берген ақпаратқа сәйкес, кәсіпкер 180 тонна азық сатып алған, фермасында жемуатқыш құрылғы жұмыс істеп тұр. Тауықтарды көбіне құрама жеммен, тарымен, арпамен, бидайман және тағы 6-7 түрлі биоқоспамен асырайды. Әр торда үш тауықтан ұстайды, орынжайдың ауасы жаңартылып отырады, мекиендер тыныштықта мекендейді.
Жұмыртқалардың салмағы өлшеніп, санаттар бойынша бөлінеді. Бұл мақсатта асүй таразысы қолданылады. Сұрыпталған жұмыртқаның салмағы 65-74 г болады, бірінші сұрыптығы – 55-64 г, екінші сұрыптығы – 45-54 г.
"Көбіне бірінші санаттағы жұмыртқа аламыз – шашамен 60%, сұрыпталған жұмыртқа 10%-ды, екінші санаттағы жұмыртқа 30%-ды құрайды. Бір тәулікте бес мыңға жуық жұмыртқа аламыз", – деп түсіндірді кәсіпорында.
Кәсіпкер алдағы уақытта мекиен тауықтардың санын 30 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Ардақ Мұхтарханұлы екінші базаны жаңғыртудан өткізуді ойластырып жүр. Оған қоса, астық сақтайтын қойма салып жатыр.
-
Құс тұмауы бойынша елдегі эпизоотиялық ахуал қалай -
Қазақстанда құс тұмауы тоқтады ма -
Құс тұмауы: тауық етін сатып алуға бола ма -
Құс тұмауы: таралу себебі, сақтық шаралары мен адамдарға қауіпі -
Сарапшылар: Қазақстан «құқықтық мемлекет» құруға дайын ба -
Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі -
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады -
Алматыдағы Zibroo тігін фабрикасы жылына 80 000 дана дайын өнім шығарады -
Қазақстандық құс фабрикасы коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлді -
Ә.Құсайынов: Елбасы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етті -
ҚР АШМ құс шаруашылығы өкілдерімен саладағы өзекті мәселелерді талқылады -
Қазақстан құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүдделі -
Г.Қарақұсова: ЕЭО мен ҚХР аумағында кедендік операцияларды орындау процесі жылдамдатылады -
«Бәйтерек» холдингі ресейлік жобаларды қаржыландыру фабрикасының тәжірибесінен үлгі алуда -
ҚР АШМ: Қазақстанда мал басы мен құстың саны артты