- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қаласының әкімдігінде елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары талқыланды
Астана қаласының әкімдігінде елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары талқыланды
Елбасы өзінің мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмін нақты әрі түсінікті белгіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өскелең ұрпақ бойында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы патриотизм рухын қалыптастыру мәселелерін әріптестерімен жиналыста талқылады.
Басқосуда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар түсіндірілді. Жергілікті басқару мамандары қоғамға болашаққа қалай қадам басуы керектігін, жауапкершілігі жоғары және мықты адамдардан ұлттың бірлігін берік етуін әңгіме арқауына айналдырды.
Бұдан бөлек, жиналыста елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары да сараланды. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов өз пікірін білдіріп, астананың 20 жылдығына ескерткіш орнатуды әкімдік қызметкерлеріне ұсынды. Оның ойынша, барлық қазақстандықтар бұл күнді есте сақтап қалуы керек.
"Астананың 20 жылдығына барлығын «Ару Астана» ұранымен жасау керек. Биыл бізде маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Астанада көптеген шаралар өтті. Қалада елорданың 20 жылдығымен байланысты ескерткіш қою керек. Біздің қаламызда ондай ескерткіштер саусақпен санарлық. Анкарада Астана қаласының мәдениет күндері өткенде, онда әдемі қазақ қызының бейнесіндегі ескерткіш орнатылды және ол тас мүсін әлі күнге дейін тұр. Бұл – тарих. Сондай ескерткіш біздің астанамызға да қажет", - деді Талғат Теменов.
Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны» атты 4 қосымша бағдарламасы бар. Әрқайсымыздың міндетіміз – қоғамдық сананы жаңғырту.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары