2017 жылғы тамызда тұрғын үй нарығындағы баға төмендеген

11 Қыркүйек, 2017 12:12
2017 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,2%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату – 0,5%-ға төмендеді, ал абаттандырылған тұрғын үйлерді – өзгеріссіз қалды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,1%-ға жоғары болды.

Ведомствода атап өткендей, тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар