Аудан әкімдерінің сайлауы 5-9 тамыз аралығында өтеді

6 Тамыз, 2013 00:00
Аудандық маңыздағы әкімдердің сайлауы 5 пен 9 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы брифинг барсында ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«24 шілдеде аудандық маңыздағы қалалар, ауыл округтері, ауыл округтері құрамына енбейтін кенттер мен ауылдардың әкімдеріне кандидаттарды тіркеу ресми түрде аяқталды. Кандидаттар қазіргі уақытта сайлауалды үгіт-насихат кампаниялааарына кірісіп кетті. Қазақстанда 2475 әкім сайлануда. Саулау қоры 1,4 млн теңгеге тең. 7133 үміткердің ішінде ресми түрде тек 7018 адам тіркелді», - деді Әбибуллаев.

Ол сондй-ақ сайлаудың тамыз айының 5 мен 9 күндері арлығында өтетін атап өтті. Одан соң 5 күннен кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми қорытындысын жария ететін болады.

Барлық жаңалықтар