- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25 жыл толуда
Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25 жыл толуда
Ширек ғасыр бойы қазақстандық-нидерландтық қарым-қатынастар дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, Астана мен Гаага арасында қарқынды және сенімді саяси диалог сақталуда, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстар белсенді кеңеюде.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы наурыздағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші саммитіне қатысу шеңберінде Гаага қаласына ресми сапары, сонымен қатар Нидерланд Премьер-министрі М. Рюттенің 2015 жылғы желтоқсандағы Астанаға ресми сапары көпжақты диалогтың кеңеюіне елеулі серпін берді.
Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға парламенттік дипломатия өз үлесін қосуда. 2012 жылғы қыркүйекте Нидерланд Парламенті Сенатының Президенті Р. ван дер Линденнің Қазақстанға сапары, 2015 жылғы мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ. Жақыповтың Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары өтті.
2018 жылы Қазақстан мен Нидерланд БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша тығыз өзара бірлесіп іс-қимыл жасасу, сондай-ақ екі елдің халықаралық бастамаларын алға жылжытуда өзара қолдау көрсетуге ниеттенуде.
"Сауда-экономикалық ынтымақтастық Нидерланд Корольдігімен екіжақты қарым-қатынастар кешенінің негізі болып табылады. Нидерланд – Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция көлемі бойынша әлемдегі «нөмір бірінші» инвестор және сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша Еуропалық Одақтағы Қазақстанның екінші әріптесі болып табылады", - деп көрсетілген елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығына қатысты коммюникеде.
Қазақстан экономикасында голландиялықтардың қатысуымен 900-ден астам компания бар, олардың көпшілігі мұнай және газ, геологиялық барлау, аэроғарыштық, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жеткізу, фармацевтика мен медицина, халық тұтынатын тауарлар өндірісі саласында белсенді жұмыс істеуде.
Тараптар «жасыл технологиялар» саласындағы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай қызығушылық танытып отыр, бұл Нидерландының «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуымен айқын көрінеді.
Қазақстан мен Нидерланд өзара тиімді стратегиялық әріптестікке бағытталған сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы