- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы үй тапсырылды
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы үй тапсырылды
Жаңа пәтерлердің бақытты иелерін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.
«Мемлекет басшысының саясаты Қазақсатан халқының әл-ауқатын арттыруға, атап айтқанда қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта елімізде мыңдаған қазақстандық отбасының баспана мәселесін шеше алатын мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Облысымыз бірнеше жыл бойы «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкімен» серіктес болып келеді. Соңғы екі жылдың өзінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі арқылы 5 мың пәтер салынды", - деді Б. Сапарбаев.
Өңір басшысы Ақтөбе облысының президент тапсырмасын орындау аясында «Нұрлы жер» бағдарламасын бірнеше бағыттары бойынша тиімді жүзеге асырып жатқан алғашқы өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында таун-хаустар, көпқабатты үйлер мен коттедждері бар бөлек шағын аудан тұрғызылуда. Коммуникация, жол, мектеп, балабақша мен сауда орындары секілді барлық қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Жақын арада жаңа қоныстанушылар алғашқы дайын болған үйлерге көшіп келетін болады.
Жаңа қоныстанушылар тұратын үй бір жыл болмай тұрғызылған. Бұл жалпы аумағы 3 771 шаршы метрді құрайтын 54 пәтерлі 9 қабатты үй. Ол экологиялық материал болып табылатын қызыл кірпіштен салынған. Бұл – жаңа қоныстанушылардың пәтерлері жылы, берік әрі төзімді болады деген сөз. Жекеменшік салушы аталмыш үйдің құрылысы үшін жеңілдік несиесін алды. Есесіне, бағдарламаның шарты бойынша ТҚЖБ салымшыларына тұрғызылған үйдің 50 пайызын жүзеге асыруды міндетіне алды. Олар үшін 1 шаршы метрдің құны - 140 мың теңге.
«Тұрғын үй салуды жекеменшік салушылардың қолға алуын ынталандыру» бағытын жүзеге асыруда бірден үш тарап жұмылдырылған. Сонымен, «Сбербанк» құрылысты жекеменшік салушыға 400 млн теңге сомасына несие желісін ашты. Бұл қарызды жекеменшік салушы жеңілдік шарттарымен алды. Өйткені, «Даму» КДҚ" АҚ тарапындағы мемлекет құрылыс компаниясының несиесі бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінен 7%-ын өтеп берген болатын. Бұл салынған баспананың шаршы метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік берді. ТҚЖБ өз кезегінде өзінің салымшылары арасында пәтердің 50 пайызын кепілді түрде жүзеге асырды", - деп түсіндірді әкімдікте.
Айта кетейік, өңірде тұрғын үй құрылысы белсенді дамуда, егер 2016 жылы 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, осы жылы 630 мың шаршы метр баспананы тапсыру жоспарланған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты