• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан және Гвинея ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады

Қазақстан және Гвинея ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады

11 Қыркүйек, 2017 08:47
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және техника жөніндегі саммитіне қатысу үшін келген Гвинея Президенті, Африкалық Одақ басшысы Альфа Кондемен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша өткен форумға қатысқаны үшін Қ. Тоқаев мәртебелі қонаққа алғыс айтты. 

Гвинея президенті Елбасының ислам әлемін жақындастыруға және ғылыми, технологиялық және экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. 

«Бұл өте маңызды Саммит, өйткені қазір біз атқарып отырған істің орны ойсырап тұрған», - деді А. Конде. 

Кездесу барысында Африкалық Одақтың даму келешегі және Қазақстанның осы ұйыммен өзара байланыстары талқылады. Қ. Тоқаев Қазақстан Африка құрлығындағы мемлекеттермен достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті. 

Сенат спикері А. Кондедің төрағалығы кезінде Африка елдерінің бірлігі айтарлықтай нығайып, Африка Одағының халықаралық беделі өскенін атап өтті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Гвинея арасындағы ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері де талқыланды.

Барлық жаңалықтар