- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті: Біздің көрме таза энергетиканың жаһандық дамуына бірегей үлес қосты
ҚР Президенті: Біздің көрме таза энергетиканың жаһандық дамуына бірегей үлес қосты
«ЭКСПО көрмесі ғылым, бизнес және қоғамның нәтижелі және қарқынды өзара іс-қимылына ықпал етіп, елдер мен халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің дамуына септігін тигізді, Қазақстанның бай әрі бірегей мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді», - деді ҚР Президенті.
Айта кету керек, ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылуы рәсіміне Әзірбайжан, Түркия, Иранның президенттері және Сауд Арабиясының Королі қатысты, сондай-ақ Венесуэланың Президенті Николас Мадуро үшін бұл Қазақстанға жасаған алғашқы сапары еді.
Елбасы айтып өткендей, көрме осы саладағы озық идеялар мен технологиялар үшін символикалық көпірге айналды.
«Біріншіден, ЭКСПО көрмесі барша планетамыздың интеллектуалдық және техникалық әлеуетін көрсетуге бірегей мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми өнертабыс ұсынылды. Көрме қазақстандық ғылыми ортаның өсуі үшін жақсы стимулға айналды. ЭКСПО көрмесінде ұсынылған отандық ғалымдарымыздың жобалары әлем қоғамының назарын аударды. Екіншіден, ЭКСПО алаңында заманауи энергетикалық саясат басымдықтары бойынша жаһандық диалог ұйымдастырылды. Баламалы энергия көздерін дамыту мен энергия үнемдеудің проблемалары мен перспективалары талқыланды. Үшіншіден, ЭКСПО көрмесі қазіргі заманның энергетика және экология саласындағы проблемаларын шешу жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді. Олар ЭКСПО-2017 көрмесінің қорытынды құжатына және интеллектуалдық мұрасына айналған тиісті манифеске енді. Төртіншіден, ЭКСПО көрмесінің өткізілуі еліміздің жасыл технологияларды дамыту идеясына бейім екенін тағы да көрсетті. Жалпы, біздің көрме бар әлемде таза энергетиканың жаһандық дамуына бірегей үлес қосқанына сенімдімін», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі бізге инновациялық дамудың жаңа белестеріне көтерілуге мүмкіндік беретін зор игілік, бірегей тәжірибе қалдырады - инфрақұрылым, көрме кешені көрме жабылғаннан кейін толық жұмыс істейтін болады.
«Нұр Әлем» – біздің көрмедегі ұлттық павильонымыз және көрме тақырыбы ұсынылған бірқатар өзге де павильондар ЭКСПО мұрасы ретінде сақталады. Көрменің аяқталуымен осы базада бірнеше ауқымды жобаның іске қосылуы бастау алады. Ең алдымен, "Астана" халықаралық қаржы орталығы қаржы хабына, инвестицияларды тарту орталығына айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орын алуы тиіс», - деп қосты Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық жасыл технологияларды ілгерілету мен жаһандық тұрақты дамуға жәрдемдесетінін және IT-стартап халықаралық технопаркі барлық әлемнен ІТ-кәсіпкерлер мен инвесторларды ілгерілету алаңына айналатынын айтып өтті.
«Осылайша, ЭКСПО көрмесінің толық кешені инновациялық даму үшін одан әрі де жұмыс істейтін болады», - деп қорытындылады Қазақстан Президенті.
Еске сала кетейік, "Болашақтың энергиясы" тақырыбына өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның астанасында 2017 жылғы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында өткен болатын. Көрмеге 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. ЭКСПО-2017 көрмесіне 4 млн-ға жуық адам келген.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары