- Басты
- Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылуын жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылуын жариялады

«Кеңес Одағы ыдыраған кезде біз мемлекетсіз, қаражатсыз қалдық, алайда, сол кездегі қиындықтарға қарамастан, халқымыздың тарихында алғаш рет жаңа астана салып шықтық. Астанамызға келесі жылы 20 жыл толады. Осы уақыт ішінде көптеген іс-шаралар өткіздік. Біршама дағдарыстан өттік, 166 мемлекеттің ішінен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алдық. 90 күн бұрын осы орында тұрып сөз сөйлеген едім, енді міне көрме аяқталуға жақын. Көрменің сәтті өткізілуі Астана мен еліміздің көптеген өңірлерінің жұмысының нәтижесі. Ол оң мультипликативті әсер етіп, ел экономикасының одан әрі дамуына серпін берді», - деп атап өтті Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнес саласындағы 1400-ден астам кәсіпорын 640 млрд теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді жеткізуге тапсырыстар алғанын және мыңдаған адамдар жұмыспен, лайықты еңбекақымен қамтамасыз етілгенін хабарлады.
«Қазақстанның туристік секторы да едәуір жанданды. Туроператорлардың қызметтеріне сұраныс екі есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10%-дан астам көбейді. Көрсетілетін қызметтер саласынан түсетін салықтар мен астана бюджеті 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бар әлемнің назарында болды. Астана National Geographic Travel журналының болашақтың қаласы номинациясына ие болды. Ал National Geographic телеарнасында «Алып құрылыстар: Астана – болашақтың қаласы» фильмінің әлемдік көрсетілімі өтті. New York Times газетінің нұсқасы бойынша Қазақстан аралауға жататын елдердің тізіміне кіреді. Америкалық басылым Қазақстанды биыл баруға тұратын орындар тізімінде үшінші орынға қойған. Еліміздің елордасы әлемнің әр түкпірінен мәдениет бояуларымен , дыбыстарымен күн сайын толыға түсті. Мұнда бұрынғы және заманауи дәстүрлер байланысып, ұмытылмас әсер қалдырды», - деді ҚР Президенті.
Елбасы бүгінгі салтанатты шара ислам әлемінің ғылыми-техникалық даму мәселелері талқыланған Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитінің өткізілуімен сәйкес келгенін атап өтті. 50 мемлекеттен тұратын ИЫҰ БҰҰ ұйымынан кейін ең ірі ұйым болып табылады.
«Бүгін осы залда ИЫҰ елдерінің мемлекет басшылары, делегация басшылары қатысып отыр. Оларға бүгінгі шараға қатысып отырғаны үшін ризашылық білдіремін. ЭКСПО көрмесі аясында 6 мыңнан астам әр түрлі іс-шара өтті. Біздің еліміз Еуразиялық өңірдегі қауіпсіз, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде өз беделін нығайта түсті», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылуына орай концерттік бағдарлама өтуде.
Айта кету керек, концерттік бағдарлама Амфитеатр сахнасында сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін және 21.00-ден 23.10-ға дейін өтеді. Сондай-ақ көрме аумағында салтанатты отшашу өтті.
Ақбота Күзекбай
-
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады
-
Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос лауазымдарына конкурс жариялады
-
Тоқаев ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады
-
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді
-
Astana Hub Қазақстан мен ТМД-дағы IT-компаниялары арасында байқау жариялады. Талаптары қандай
-
Н.Назарбаев: Абай - ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір
-
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек

