Н. Назарбаев Гвинея-Бисау Республикасының Президентімен кездесті

10 Қыркүйек, 2017 19:47
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Гвинея-Бисау Республикасының Президенті Жозе Мариу Вазбен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Гвинея-Бисау Республикасының Президентіне Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

"Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында ғылым мен технологияларға арналып Астанада алғаш рет өткізіліп жатқан осы ауқымды іс-шараға келгеніңізге қуаныштымыз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Гвинея-Бисау Республикасының Президенті Мемлекет басшысына саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

"Африкадағы ислам мемлекеттері Қазақстанға осындай іс-шаралар өткізу кезінде қолдау көрсетуге әзір. Оның негізгі мақсатының бірі – ислам әлемі елдері арасындағы өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстаным қалыптастыру", – деді Жозе Мариу Ваз.

Барлық жаңалықтар