- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті
Н. Назарбаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті
10 Қыркүйек, 2017 19:16
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің Қазақстанға алғаш рет сапармен келіп отырғанын атап өтті.
"Сіздің Қазақстан жеріне келгеніңізге қуаныштымын. Бүгінгі саммитке қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліңізде болып жатқан оқиғалар жөнінде білеміз. Сіз барлық сынақ кезінде де төзімділік танытып келесіз. Бұл – құрметке лайық қасиет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Николас Мадуро Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Венесуэла Президенті бұл кездесу екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз болатынына сенім білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады