Астанадағы «Наполеон. Өмір. Аңыз» көрмесін 2 мың адам тамашалады

8 Қаңтар, 2014 16:50
Елордадағы Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатқан «Наполеон. Өмір. Аңыз» көрмесіне 2 мың адам келді.

Елордадағы Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатқан «Наполеон. Өмір. Аңыз» көрмесі Астана халқы мен қала қонақтарының үлкен қызығушылығына ие болды. Қазірдің өзінде көрмені 2 мың адам келіп тамашалаған. 19 желтоқсанда ашылған көрме 23 ақпанға дейін жалғасады.

Қонақтарға қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде экскурсия жүргізіледі.

Естеріңізге сала кете Қазақстандағы Франция Елшілігінің бастамасымен Наполеон Қоры тарапынан және Қазақстандағы Франция жылы аясында Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Көрме Франция мен Еуропаның тарихи тұлғасы Наполеонның өмірі мен қызметін таныстыруға арналған. Көрмеге шамамен 300-дей экспонат әкелінген.

 

 

Барлық жаңалықтар