• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Пәкістанмен тауар айналымының көлемі 2016 жылы 25,5 млн долларды құрады

Қазақстанның Пәкістанмен тауар айналымының көлемі 2016 жылы 25,5 млн долларды құрады

9 Қыркүйек, 2017 18:16
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хуссейнмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық қатынастар, сондай-ақ, отын-энергетикалық кешен, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

Өзара іс-қимылдың басымдықты бағыттары ретінде тау-кен өндірісі, түсті металлургия, машина жасау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар салалары аталды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінің халықаралық көлік-логистика жүйесіне ықпалдасуы тұрғысынан Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» қытай бастамасын іске асыру тақырыбы қозғалды.

Айта кету керек, Қазақстанның Пәкістанмен тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 25,5 млн долларды құрады. Қазақстанның Пәкістанға экспорт көлемі 2,7 млн долларды құрады.

2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ҚР мен ПИР арасындағы тауар айналымы 16,9 млн долларды құраған. Сонымен қатар Қазақстаннан Пәкістанға тауар экспорты 4,9 млн долларға тең болған.

Барлық жаңалықтар