- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Түркия Президентімен кездесті
Н. Назарбаев Түркия Президентімен кездесті
«Қазақстан мен Түркияны 25 жыл бойы бауырластық қарым-қатынастар байланыстырып келеді және осы уақыт ішінде бізде проблемалар туындаған емес. Сіздің соңғы сапарыңызда біз өзара қарым-қатынастар бойынша, соның ішінде экономикаға қатысты біраз мәселелерді келіскен болатынбыз. Алдағы уақытта әлі де көптеген жұмыстарды атқаруға тура келеді. Бүгінде орын алып отырған мәселелерді талқылауға мүмкіндік туып отыр», - деді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ ҚР Президенті Түркия басшысына ИЫҰ бірінші саммитінің делегациясы құрамына қатысқаны үшін алғыс білдірді.
«Сіздің соңғы сапарыңыз кезінде біз экономикалық ынтымақтастық бойынша бірқатар шешімдерді қабылдаған едік. Бүгінгі күні біздің елдер үлкен жұмыс атқарды, қолданыстағы жобалар да бар. Бүгін біз әлемдік ынтымақтастық аясындағы одан әрі даму жөніндегі диалогты жалғастырмақпыз. ИЫҰ бірінші саммитінің делегациясы құрамына қатысатыныңыз үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ 14-15 қыркүйекте Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер өтеді», - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Түркияның Президенті өз ризашылығын білдіріп, Қазақстанмен өзара қарым-қатынастың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығында оның астанасына келіп отырғаныма өте қуаныштымын. Алғаш рет Қазақстанмен Алматы қаласына келгенде танысқан едім. Ал енді жаңа елордаға келіп отырмын. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты әр түрлі бағытта дамытуға тырысамыз. Қазақстанның одан әрі сәтті дамитынына кәміл сенемін», - деп атап өтті Р. Эрдоған.
Еске сала кетейік, Қазақстанға сапары қарсаңында Реджеп Тайип Эрдоған Елбасы Нұсұлтан Назарбаевпен екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын телефон арқылы талқылаған болатын. Президенттер бірнеше бағыт бойынша Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету үшін құрылымды диалогты жалғастыру туралы келіскен еді.
Бұдан бөлек, екі елдің басшылары Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Іс-шара 10-11 қыркүйекте Астанада өтеді.
Қазақстанның СІМ мәліметі бойынша, саммит "Ислам әлеміндегі ғылым, технологиялар, инновациялар және жаңғыру" атты ұранмен өтеді. Ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылуына орайластырылған. Форум төрт жұмыс сессиясын қамтиды. Саммитке ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысады.
Қайрат Жандыбаев
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады