• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоғамдағы заңсыздықпен күресу үшін Жемқорлыққа қарсы халықаралық бюро құрылуда – С.Әбдірахманов

Қоғамдағы заңсыздықпен күресу үшін Жемқорлыққа қарсы халықаралық бюро құрылуда – С.Әбдірахманов

8 Қыркүйек, 2017 17:30
Қоғамдағы заңсыздықпен күресу үшін Жемқорлыққа қарсы халықаралық бюро құрылуда. Бұл туралы қоғам белсендісі, блогер Сырым Әбдірахманов «Стратегия» пікірталас клубының отырысында мәлімдеді.

«Біздің негізгі мақсатымыз өңірлерде, республикамыз бойынша   халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау, халыққа шығу, халықтың жан-айқайын тыңдау, мәселелерді шешу. Халық пен атқарушы органдар арасындағы көпірді жұмсарту керек. Ұсыныстар мен кездесулер арқылы елдің көркеюіне, елдің әл-ауқатының жақсаруына жағдай жасауымыз керек», - деді С.Әбдірахманов.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі Елбасының  орындалмай жатқан тапсырмаларын алға тартып, қоғамның назарын аударып, оның  жүзеге асуына септігін тигізіп жатқандарын жеткізді.

«Мен Елбасының орындалмай  жатқан тапсырмаларын орындатқызу үшін  біз  халықпен кездесіп, ұсыныстарды әзірлеп,  министрлікке жеткізіп жатамыз.  Көп адамдар мені Үкіметтің тапсырмасын орындап жатыр деп ойлайды. Ешқандай тапсырма жоқ, бұл біздің азаматтық позициямыз. Біз халық пен мемлекеттік органдардың арасын алыстатып жатқан мәселелерді айтамыз. Жемқорлық мәселесін толығымен жою мүмкін емес те шығар. Бұл дерт барлық елдерде бар», - деді  С.Әбдірахманов.

Оның айтуынша,  заң бұзушылық, тәртіп бұзушылықтар қоғамда   орын алып жатады.

«Оның  басты себебі заңның солқылдақтығы. Заң қазіргі заманға  сәйкес келмей жатады. Қазақстанның үш даму кезеңі бар. Біріншісі Тәуелсіздік алу кезеңі, екіншісі экономикалық даму кезеңі, әл-ауқатын жақсарту кезеңі жақын арадағы  бес жылда басталған.  Өмір өзгеруде, әрқашан жаңғырулар болып тұрады. Жаңа технологиялар заманы кезінде Елбасы айтқан басты проблема ол уақытқа  ілесу», - деді С.Әбдірахманов.  

С.Әбдірахманов айтып өткендей,  ғылым туралы заң бес жыл бұрын қабылданса, бүгінгі талаптарға сай келмей жатады.

«Жергілікті жерде көрген мәселелерді айтатын болсақ, бүгінгі таңда біз жемқорлықпен күресуді жүзеге асырып жатырмыз. Жемқорлық туралы мәселені  қорықпай  айта беру керек. Халық құлағының құрышын қандыру керек. Себебі, Үкімет жұмысты дұрыс істемейді, полиция пара алды деп айтып жатады. Шын мәнісінде, ол жемқорлықты бастайтын өзіміз», - деді ол.

С.Әбдірахманов айтып өткендей,  Жемқорлыққа қарсы халықаралық   бюро құрылғалы  жатыр.

«Біз оны құруға қоғам болып кірістік. Заңсыздықты болдырмау үшін аталмыш ұйымды жасақтағалы отырмыз», - деді ол. 

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар