- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев: Біз тұрақты энергетикалық даму идеясын қолдаймыз
Б. Сағынтаев: Біз тұрақты энергетикалық даму идеясын қолдаймыз
ҚР Премьер-Министрі шара қатысушыларына бүгінгі форум тақырыбының маңыздылығын айтып өтті.
«Шынымен де, біздің көз алдымызда жаһандық энергетикалық нарықтың жаңа моделіне көшудің бірегей процесі өріс алып жатыр. Біз экономикалық даму мен ғаламшар экожүйесін сақтау арасындағы теңгерім негізінде тұрақты энергетикалық дамуды қамтамасыз ету маңыздылығының идеясын қолдаймыз», — деді ол.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» мұрасы әлемдік энергетика жүйесінің дамуына әрі жаһандық энергетиканың тұрақты дамуының жаңа үлгілерін қалыптастыруға серпін беретінін айтты.
Премьер-Министр Қазақстан Үкіметінің тұрақты энергетика саласында табысты ынтымақтастық орнатуға әзір екенін мәлімдеді, сонымен қатар форум делегаттарын энергетикалық сын-тегеуріндердің шешімін бірлесіп табуға және сындарлы диалог жүргізуге шақырды.
Бұдан өзге, пленарлық отырыста Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович, Исландияның экс-президенті Оулавюр Рагнар Гримссон, БАӘ энергетика министрі Сухейл Мұхаммед әл-Мазруи, Венесуэланың мұнай және тау-кен өнеркәсібі министрі Эулохио Дель Пино және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.
Еске сала кетейік, Астанада 7-8 қыркүйек күндері XI Еуразиялық Kazenergy форумы өтіп жатыр. Форум бағдарламасы әлемдік энергетикалық компаниялардың энергияның тұрақты көздерін тиімді басқаруға; энергия ресурстарын өндіру, сақтау және пайдалануға бақылау орнатуға; энергия көздеріне қолжетімділікті арттыруға; климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газы шығындыларын төмендетуге; энергияның баламалы көздерін пайдалануды ынталандыруға; энергия тиімділігі бойынша бағдарламаларды енгізуге және т. б. қатысты сұрақтар мен мәселелерді талқылауға бағытталған.
Форум аясында пленарлық және бағдарламалық секциялар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, инновациялық мектеп, жастар форум және әйелдердің энергетикалық клубынан тұратын форум ішілік шаралар кешені ұйымдастырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді