- Басты
- Жаңалықтар
- Францияның павильоны экспозицияның бір бөлігін Астанада қалдырады
Францияның павильоны экспозицияның бір бөлігін Астанада қалдырады
Франция павильонының жұмысын қорытындылай келе, комиссар жалпы 54 іс-шара өткізіліп, оның 20-сы жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Мен үшін ЭКСПО-2017 көрмесі өте қызықты тәжірибе болды, мен бұған дейін де сіздің еліңізбен таныс едім, алайда, бұл көрме оны жақынырақ білуге мүмкіндік берді. Мұндағы халық өте жақсы. Біздің павильонымызға 600 мың келуші келген және бұл өте жақсы нәтиже деп санаймыз. Біздің павильонымызда сондай-ақ өткен Еуразиялық кинофестиваль аясында іс-шаралар ұйымдастырылды», - деп бөлісті Паскаль Лоро.
Бұдан бөлек, Франция өз экспонаттарының бір бөлігін қалдыруды шешті, олар Астана қаласының Оқушылар сарайына тапсырылатын болады.
«Біз кейбір объектілерді қалдырамыз, мысалы, панно, фотосуреттер. Оларды қазақстандық білім алушылар Францияның мәдениетімен көбірек танысу мүмкіндігіне ие болуы үшін қалдырамыз. Экспонаттардың кейбіреулері Шанхай халықаралық музейіне жіберіледі», - деп хабарлады павильон басшысы.
Сондай-ақ, Экспо-2017 көрмесі Қазақстанға өзін халықаралық аренада көрсетуіне мүмкіндік берді, деп түйіндеді спикер.
Еске сала кетейік, көрменің жабылуы 2 күннен кейін – 10 қыркүйекте өтеді. Қазіргі уақытта көрмеге келушілердің жиынтық саны 4 млн адамға жеткен.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды