Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 1,7%-ға төмендеді

9 Қыркүйек, 2017 11:32
Өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалар 2017 жылғы тамызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7% төмендеді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен өткізілген өсімдік шаруашылығы өңімі 1,3%, мал шаруашылығы өңімі – 3,4% арзан болды.

 Картоп 22,3%, жаңа жиналған көкөністер – 8,2% қымбаттады, дәнді дақылдар – 2,3% төмендеді.

Баға шикі сүтке (сиырдың сүті, биенің сүті) 7,5%, мал мен құсқа (тірі салмақта) – 7% жоғарлады, тауықтың жұмыртқасына – 45% төмендеді.

 

Барлық жаңалықтар