- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда репродуктивті медицина Институының жаңа орталығы ашылды
Алматыда репродуктивті медицина Институының жаңа орталығы ашылды

Репродуктивті медицина Институының директоры Тамара Жүсіпәлиева өзінің сөзінде Қазақстанда сапалы медицинаға деген сұраныстың артқанын, клиника көрсететін медициналық қызметтердің аз шығын жұмсай отырып, шетелдік баламалардан еш төмен еместігін айтты.
«Соңғы жылдары біздің қызметке деген сұраныс өсуде және медициналық туризм артуда. Алматыға жақын және алыс шетелдерден емделу үшін келетіндер жеткілікті, олардың ішінде Түркиядан, Германия мен Ресейден, Қытай мен АҚШ-тан келетіндер баршылық. Барлық пациенттерге заманауи репродуктивты технологилар ббойынша ата- ана болу бақытын сыйлаудамыз», - деді Орталық директоры Т.Жүсіпәлиева.
Ол өзінің сөзінде Қазақстан заңдарының бейімділігі, дәрігерлердің жоғары біліктілігі, заманауи технологиялардың жеткілікті болуы арқасында Қазақстанға медициналық туризм бойынша келетіндер легінің артқанын айтты. Мысалы, екі жыл ішінде Қытайдан, Германиядан кеелетін пациенттер саны бірден көбейген. Тек АҚШ-тың өзінен ғана Репродуктивті медицина Институына 75 емдлуші келген.
Оның жарқын мысалы 43 жастағы америкалық Вера Смиффтен көруге болады, қазақстандық дәрігерлердің емі барысында ол жүкті болды. Бұған дейін отбасылық жұп үш рет ұрықтандырылғанымен, нәтиже болмаған Бұл процедура Америкада 20 мың доллар тұрады.
«Мен Қазақстанда жүкті болу бақытына ие болдым. Қуанышымда шек жоқ. Қазақстанда, соның ішінде Алматыда медициналық туризмнің болашағы зор деп білемін. Америкамен салыстырғанда мұндағы баға айырмашылығы айтарлықтай. Қазақстандағы дәрігерлердің тәжірбиесі мен біліктілігі өте жоғары, ал бұл медициналық туризмді дамытудың басты шарты. Маған Алматы өте ұнайды, мұндағы ас мәзірі өте дәмді. Бір сөзбен айтқанда, маған бұл жер өте жайлы әрі тартымды», - деп пікірін білдірді американдық келіншек Вера Смифф.
Жаңа клиникада 60 адам жұмыс істейді, гинеколог - дәігер Ләззат Айтқожина медицина мекемесінің мақтанышы, ол эмбрионның сырқатын ерте бастан байқап қояды. Айта кетерлігі, Ләззат Айтқожинаның 13 жылдық жұмыс өтілі бар әрі ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасына қатысушы.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа орталықтың жұмысымен танысу барысында Алматының 2020 жылға даму Бағдарламасында қалалық денсаулық жүйесін, соның ішінде медициналық туризмді дамытуға ерекше мән берілгенін айтты. «Бүгінгі таңда Алматы медицина саласында қызмет ететін отандық және шетелдік инвесторларды қызықтыруда. Репродуктивті медицина Институы клиникасының ашылуы біздің қаламызда медициналық туризмді дамытудың жарқын мысалы болып табылады», - деді ол.
Репродуктивті медицина Институының директоры Тамара Жүсіпәлиева клиника жылына 3 мыңға дейінгі отбасын қабылдай алатынын жеткізді.Дегенмен, экстракорпоральді ұрықтану бойынша барлығына бірдей көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, Алматыда 300 отбасы қаржы жоқтығы салдарынан бірнеше жыл кезекте тұр. Баурыжан Байбек дәл сол жерде 300 алматылық отбасыға тегін медициналық көмек көрсету шараларын іздестіруге тапсырма берді және экстракорпоральді ұрықтану бойынша жүкті болған әйелдер үшін босанатын жаңа үй салатын жер қарастыруды міндеттеді.
Жаңа клиника әлемдік талаптарды еске отырып салынған.Клиниканың басты ерекшелігі- операциялық блок пен жаңа өмір басталатын эмбриологиялық зертхана «таза бөлме» қағидасы бойынша жасалған,олар өзгелерден мүлдем оқшауланған, мұнда тұрақты температура мен ылғал ауа өте таза күйінде беріледі.
Нысан қабырғалары өте сапалы металл панелдерден құрылған. Мұндай «таза бөлмелер жүйесі өте сапалы әрі тұрақты клиникалық нәтижеге қол жеткізеді. Әрі емдеудің тиімділігін арттырады.
Клиника жаңа қондырғылармен жабдықталған. Эмбриология зертханасына Planer (UK) планшетті инкубатор мен құйылып жасалған ESCO MIRI (Singapour) алты инкубатор қойылған, бұлар эмбриондарды жетілдіреді әрі сапасын арттырады. Репродуктивті медицинада құбылыс жасаған, ең жаңа «Time – Lapse ESCO» инкубаторы бірінші күннен эмбрионның даму барысын қадағалуға және ұрықтандыру үшін ең сапалы эмбрионды таңдап алуға мүмкіндік береді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады

