- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс бюросы Палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелерді айқындады
Мәжіліс бюросы Палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелерді айқындады
Күн тәртібінің жобасына «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына заңнамалық түзетулер енгізу үшін депутаттар қарауына ұсынылды.
Палата талқылауына ратификацияланатын заң жобасы - Қару саудасы туралы шарты енгізілетін болады.
Сонымен қатар, күн тәртібінде Палатаға салалық комитеттер бойынша қорытындыларын дайындау мерзімін анықтайтын заң жобалары ұсынылады. Ратификацияланатын актілер қатарына: Қазақстан мен Грузия арасындағы Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісім.
Осы ретте Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы, Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KAZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хаты бар.
Бұдан басқа, Бюро отырысында парламенттік тыңдауда көтерілетін елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында көшпелі отырысын өткізу туралы өзекті мәселелер қаралды.
-
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды