- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ киносы жас емес – Дулат Исабеков
Қазақ киносы жас емес – Дулат Исабеков
««Ленфильммен» бірігіп түсірген алғашқы көркем фильм «Амангелдіден» бері қарайғы уақытта қазақ кино өнері кәсіпқой мамандармен толыға түсті. Талай-талай режиссерлер мен сценаристер Мәскеуде, Ленинградта жоғары білім алып, Ресей кинематографистерінің шеберлік шыңдау мектептерінен білім мен тәжірибе жинақтап, қазақ киноөнері өз алдына отау тігіп, күні бүгінге дейін жүздеген көркем ленталарды дүниеге әкелді. Олардың біраз бөлігі бұрынғы одақтық, қала берді, әлемдік экрандарға жол тарта бастады», - деді Д.Исабеков.
Жазушының айтуынша, халықаралық кинофестивальдерге қатыса қалған «Қазақфильм» туындылары өзгелерден оза шауып, қомақты жүлделерді иелене бастады. Демек, қазақ киноөнеріне мешеу балаға қарағандай көзқарастан арылып, жетілген, уақыт жағынан алғанда тарлан ашатын жасқа жеткен, киноөнеріне қойылатын ең жоғарғы талаптардың қандай түрін артсаң да белі қайыспай көтеретін кезге жеткенін есте ұстауымыз керек.
«Әсіресе, Қазақ елі Тәуелсіздік туын көтерген кезден бастап, қазақ киноөнері де идеологиялық құрсаудан босап, өз жолын өзі таңдайтын, өз қолындағы кинокамераның объективін біреудің нұсқаған жағына емес, өзінің қалаған жағына бұра алатын еркіндікке ие болды. Бұған дейін де талай-талай тақырыптың басын қайырып, көркем кинолента түсіруде көптеген дүние тындырып тастағандай тоқмейіл көңілде жүріп келген қазақ кинематографтарының алдынан еркіндіктің жаңа көкжиегі ашылып, сол еркіндік сценаристер мен режиссерлердің алдына жаңа тақырыптар мен жаңа талаптарды лек-легімен үйіп тастады. Қазақ көрермендері сусап отырған сондай лек-лек тақырыптың бірі – тарихи тақырып болатын», - деді драматург.
Қазақ прозасы мен драматургия саласында бұл тақырыпта біршама толымды дүниелер пайда болған еді.
Д.Исабековтың айтуынша, М.Әуезовтің «Хан Кене», Т.Ахтановтың «Ант», Қ.Бекхожиннің «Ұлан асу» атты драмалары кеңестік кезеңде-ақ өмірге келсе, І.Есенберлиннің «Қаһар», «Алмас қылыш», Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң», М.Мағауиннің «Аласапыран», С.Сматаевтың «Елім-ай» романдары тарихи көркем шығармаға сусап отырған оқырмандардың айызын қандырған туындылар еді. Ал кино саласында Тәуелсіздікке дейін түсірілген «Шоқан Уәлиханов» («Его время придет»), «Отырардың күйреуі», «Сұлтан Бейбарыс» фильмдері болмаса, қазақ халқының түп-тамырына үңілген кинотуындылар жоқтың қасы еді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді