- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев Университеті дүниежүзілік сыйлықтарға ие болды
Назарбаев Университеті дүниежүзілік сыйлықтарға ие болды
Назарбаев Университеті үздік әлеуметтік жоба номинациясында екінші орын алып, күміс алқаны еншіледі.
«Біз бұл халықаралық мойындауға ризамыз. Жоба әлеуметтік маңызы бойынша бағаланды, Назарбаев Университетінің жобаларын сапалы жүзеге асыру, тұтынушыларды қанағаттандыру, оның ішінде қоғам мен студенттерге тиімді қызмет көрсету бар. Жүлделі екінші орын алғанымызбен мақтанамыз», - деді 30-шы Дүниежүзілік IPMA Конгресінің ұйымдастыру комитетінің төрағасы, жобаларды басқарудың қазақстандық қауымдастығының вице-президенті Мақсат Мамашев.
Сондай-ақ, Назарбаев Университеті тағы бір жүлде – алтынға ие болды.
«Орта көлемдегі үздік жобалар бойынша біз алтынға ие болдық. Бұл құрылыс жобасының жүзеге асырылуы - Назарбаев Университетінің медицина мектебін салу. Біз оны 4 жыл бойы Питтсбург университетінің мазмұнды бөлігі мен «Хайвилл» компаниясымен бірігіп дайындадық. Сарапшылардың пікірінше, өте сәтті жоба. Толыққанды түрде мерзім мен бюджет, барлық оқыту бағдарламалары қадағаланып, студенттерді қабылдау уақытылы жүзеге асырылды. Барлық санат бойынша жобаны үздік халықаралық жобаларға сай жүзеге асырылдық. Посткеңестік елдер арасында бірден екі сыйлыққа ие болу үлкен жетістік. Біз онымен мақтанамыз. Мен аталмыш үрдіске қатысқан қызметкерлер мен барлық қазақстандықтарды аталмыш жеңіспен құттықтаймын. Бізді халықаралық деңгейде мойындады, бұл Қазақстанда жобалық менеджмент жоғары деңгейде дамып жатқандығының көрінісі», - деді М.Мамашев.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары