- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы 30-шы Дүниежүзілік IPMA Конгресінің жұмысы қорытындыланды
Қазақстандағы 30-шы Дүниежүзілік IPMA Конгресінің жұмысы қорытындыланды
«IPMA – бұл халықаралық жобалық менеджмент қауымдастығы және оның негізі 1965 жылы Еуропада қаланған болатын, қазір қауымдастық барлық әлем бойынша 68 елді қамтиды. Біз жұмыс істейтін елдерде бізде ұлттық менеджмент бағдарламасы қауымдастығы бар, біз осы кәсіпті дамыту, оны Қазақстанда жетілдіру бойынша жұмыс жүргіземіз. Біз IPMA мүшесі болып табылатын қазақстандық жобалық менеджмент қауымдастығының барына қуаныштымыз. Жобалық менеджмент адамдардың бір-бірімен сөйлесіп, жобаларды іске асыру бойынша, өздерінің жетістіктері мен кемшіліктері туралы тәжірибе бөлісуі кезінде дамиды. Сондықтан біз тәжірибе алмасып, кәсіпті жақсарту мен дамытуға көмек көрсетеміз. Қазақстанда осы іс-шараның өткізіліп жатқанына қуаныштымыз, себебі бұл іс-шара әлемнің көптеген елдерінен мыңдаған адамдарды біріктіреді», - деді IPMA халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының президенті Рэйнхард Вагнер.
Конгресс аясында панельді секциялар, жас мамандарға арналған IPMA дүниежүзілік жастар семинарлары, көрме, баяндамалар және IPMA Awards жобаларын басқару саласындағы IPMA сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Ұйымдастырушылар айтып өткендей, Конгрестің бірінші күні ең алдымен жетекші ғалымдардың негізгі баяндамаларынан басталды. Жұмыс панельді сессияларда жалғасын тапты. Оларда Германиядан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Жапониядан, Ұлыбританиядан, Ресей Федерациясынан, Австралиядан, Украинадан, Италиядан, Швейцариядан, Қазақстаннан келген спикерлердің таныстырылымдары қамтылды.

«Білімді, ғылымды, экономиканың негізгі салаларын, АКТ-ны қоса алғанда, алдыңғы қатарлы технологияларды, аэроғарыш өнеркәсібін, бағдарламалық қамтамасыз етуді, банк істерін және мемлекеттік басқаруды дамытудың серпінді тәсілдері талқылау тақырыптарына айналды. Делегаттар компаниялардың өз жобаларының тиімділігін арттыру үшін IPMA жобасын жетілдірудің базалық деңгейін қалай пайдаланатыны жайында білді. Панельді пікірталастар мен академиялық баяндамалардан басқа, практика секцияларының жұмыстары қоса жүргізілді. Оларда мега инфрақұрылымды жобаларды, мемлекеттік бағдарламалар мен портфельдерді басқарудың озық әдістері қарастырылды. Сонымен қатар, бизнесті басқарудың күрделі процестерін автоматтандыру үшін жоғары технологиялық салалардағы жобаларды басқару әдістерін қолдану мәселелері талқыланды», - деді қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының вице-президенті, 30-шы Дүниежүзілік IPMA Конгресі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мақсат Мамашев.
Сондай-ақ Конгрестің бағдарламасында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа міндеттерін шешудегі, оның ішінде мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асырудағы жобалық басқару рөлінің өзекті мәселелері қамтылды. Академиялық және практикалық секцияларды өткізу аясында Конгреске қатысушыларға Қазақстанның мемлекеттік секторы мысалында жобаларды басқаруды енгізу тәжірибесі ұсынылды.

Конгресс барысында бизнестің жаңа өндірістік және коммерциялық жағдайларға жылдам бейімделу қабілеті түпмәтініндегі серпінді тәсілдер, ғылымды қамтитын өнеркәсіп салаларындағы серпінді тәсілдерде қарастырылды.
Сонымен қатар, Конгреске қатысушылар команда құру мен networking әсері бар іскерлік ойынға белсенді түрде қатысты. ICB4 жобаларын басқару бойынша құзыреттілік стандартына негізделген «Sea Wolf - Competent PM» ойыны тосыннан берілген жобалық жағдайларда жобалау менеджментінің нақты дағдыларын игеруге мүмкіндік берді. Қатысушылар жобалар жарысындағы шағын командаларға қатысты. Олар жобаның қазіргі ахуалын талдады, кейіннен оларды шешуге қажетті құзыретті айқындады.
Еске сала кетейік, Дәстүрлі түрде IPMA іс-шараларына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіледі. Өздеріңізге мәлім болғандай, IPMA 30-шы Дүниежүзілік Конгресі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі» бағдарламасына енгізілген. Конгрестің ұйымдастырушылары Жобаларды басқару жөніндегі Қазақстан Қауымдастығы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ және «Назарбаев Университеті» ДБҰ болып табылады. 1-ші Дүниежүзілік Конгресті Венада 1967 жылы өткізген уақыттан бастап IPMA өзіндік кәсіби пән ретінде жобалық басқарудың қалыптасуына жәрдемдесетін, тұрақты дамып келе жатқан ұйымға, әлемдегі жобаларды басқарудың жетекші қауымдастығына айналды. Мерейтойлық Дүниежүзілік Конгресті Қазақстанда өткізу құқығын беру 2015 жылғы қыркүйекте Панамада өткен 29-шы Дүниежүзілік Конгресте шешілді.
Қайрат Жандыбаев
Автордың суреті
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары