- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО көрмесінің жабылуында қауіпсіздікті 9 мың қызметкер қамтамасыз етеді
ЭКСПО көрмесінің жабылуында қауіпсіздікті 9 мың қызметкер қамтамасыз етеді
Еліміздің Ішкі істер министрлігі «ЭКСПО-2017» көрмесінің қауіпсіз өтуіне соңғы дайындықтарын жүргізуде. Сондай-ақ, министрлік Астанада өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Саммитына да толықтай әзірліктерін жеткізді.
«Астанада өтетін ИЫҰ Саммитына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жабылуына 30 мемлекеттің президенті келеді. Қонақтарды қалаға орналастыру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде арнайы күзет пен кортедж алып жүретін болады»,- деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов.
Айтулы күндері қала ішіндегі тәртіп пен қауыпсіздікті сақтау мақсатында құқық қорғау саласының 9 мың қызметкері жұмылдырылатын болады. Ішкі Істер министрлігінің қызметкерлері қала көшелері бойынша дайындық жүргізіп, қызметкерлер арасында арнайы жаттығулар өткізді.
Сонымен қатар, бұл күндері қалада кептеліс орын алып, кейбір көшелер жабылуы мүмкін. Ол туралы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қосымша ақпарат берілетін болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері