Ақмола облысында деректерді өңдеудің бірегей орталығы ашылды

8 Қыркүйек, 2017 09:32
Ақмола облысының Қосшы ауылында Деректерді өңдеу мен сақтау орталығының ашылуы өтті, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин  айтып өткендей,  бұл мыңдаған  террабайт ақпаратты өңдеу мен сақтауға мүмкіндік беретін  алғашқы  орталық.

«Орталықтың ашылуы ҚР Президентінің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын тәжірибелік түрде жүзеге асыру болып табылады», - деді ол.

Айта кетейік, аталмыш жоба  «Intarget Solution» компаниясының өнімі,  оның құны  4,5 млрд теңгеге тең.

Орталықтың қуаттылығы Қазақстанның корпоративтік  тұтынушыларының  электронды мәліметтерін сақтауға мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар