- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Астананың жасыл белдеуі аймағында көшет отырғызды (ФОТОРЕПОРТАЖ, ВИДЕО)
Қазақстан халқы Ассамблеясы Астананың жасыл белдеуі аймағында көшет отырғызды (ФОТОРЕПОРТАЖ, ВИДЕО)

Экологиялық акцияға ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, депутаттар, әкімдік өкілдері мен жастар қатысты.

АШМ вице-министрі Астананың жасыл белдеуі қалай құрылғанын айтты.

Айта кетейік, Жасыл белдеу 1997 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылды. 20 жыл ішінде 80 мың га жасыл желек отырғызылды.

Щучье бағытындағы Көкшетау жолында ҚР Президентінің тапсырмасымен Ақкөл ауданына дейін көшеттер отырғызылды. АШМ бұл бағытта 2400 га көшет отырғызды.

Жасыл аймақты дамытуда оның ғылыми сүйемелдеуі де маңызды. Бүгінде 5 ұсыныс, 4 ғылыми зерттеу АШМ тарапынан жүзеге асырылды.
«Аталмыш ағаштар әлі жас, сондықтан ғылыми сүйемелдеуді өмір бойы жалғастыратын боламыз. Ғылым бір қадам алда болуы керек. Себебі, кейбір жағдайлардың салдарынан орманның көп бөлігінен айырылып қалуымыз мүмкін», - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.
АШМ орманның жағдайын үнемі тексеріп отырады, 1997 жылдан бастап тәжірибелі учаскелерді тексереді.
«5 жыл бұрын Беларусьтің ауыл шаруашылығы министрі келіп, Астананың жасыл белдеуін көріп, өзінің елінде соны жүзеге асырған болатын. Біз ТМД елдері ішінен Жасыл белдеу ашқан алғашқы елміз», - деді вице-министр.
Айта кетейік, мұнда қолайсыз жағдайға төзімді ақ қайың өсіріледі.
Ерлан Нысанбаев акция қатысушыларына Малотимофеевка ауданында 60 га орман бар екенін, онда 1959 жылғы ағаштар өсіп жатқанын айтты.
Өз кезегінде, Дархан Мыңбай жас ерекшелігіне қарамастан адамдар осындай игі іспен айналысу керектігін айтты.

«Орманды көрген кезде ерен еңбек жұмсалғанын байқауға болады, біз «Астана Орманы» қызметкерлерінің еңбегін бағалауымыз керек. Біз аталмыш тәжірибені Қазақстан бойынша насихаттауымыз керек. Экологиялық акцияның міндеті де осында. Бұл патриоттылықты тәрбиелеудің негізі болып табылады», - деді Дархан Мыңбай.


Отырығызылымнан кейін акция қатысушылары «Астана» велоклубымен бірігіп велошеру өткізді. Айта кетейік, жасыл белдеуде 23258 шақырымға созылаған веложол бар.


Ақбота Күзекбай
Фото:автор
Видео: Арман Мұхатов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді