- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев польшалық үкіметті «жасыл» экономика саласында ынтымақтасуға шақырды
Б.Сағынтаев польшалық үкіметті «жасыл» экономика саласында ынтымақтасуға шақырды
Салтанатты ашылу шарасына Польша Президенті Анджей Дуда мен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев келді. Өз сөзінде Польша басшысы ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
«Бүгін сіздерді Польшаның Ұлттық күнінің ашылуында көргеніме қуаныштымын. Шын жүректен билік пен ҚР халқын Астанадағы көрменің сәтті өтуімен құттықтаймын. Ол алғаш рет әлемнің осы бөлігінде өтіп жатыр. Бұл Қазақстанның соңғы 26 жылдағы жетістігі болып табылады», - деді Польша Президенті Анджей Дуда.
Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, польшалық павильон ЭКСПО-да өзін жоғары таныстырып, танымалдылыққа ие болды.
«Көптеген келшілер экономикалық және мәдени шараларға ерекше назар аударды, біз оларды елдер ынтымақтастығын кеңейтудегі маңызды шара деп есептейміз. Қазақстан Польшаны Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастырамыз», - деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Польша үкіметі мен іскерлік орта өкілдерін «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
«Біз ынтымақтастықты дамытуға қуанышты боламыз. Бізде ол үшін әлеует пен мүмкіндік бар. Біздің елдер арасында қарым-қатынастың жаңа бағыты дамуда – Польша мамандарының тәжірибелерін қолдану арқылы «жасыл» технологияларды дамыту. Польша Үкіметі мен Польшаның іскерлік ортасын БҰҰ аясындағы «жасыл» экономика халықаралық орталығын дамыту бойынша ынтымақтастықты күшейтуге шақырамыз», - деді Б.Сағынтаев.
Сондай-ақ, ЭКСПО-қалашық сахнасында польшалық орындаушы Малгожата Шарек «Сұлу қыз» әнін орындап берді. Әнші айтып өткендей, бұл ән Польшада да, Қазақстанда да танымал болғандықтан таңдалып алынды.
Концерт аяқталған соң қазақстандық және шетелдік делегация Польша павильонына барды.
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру