• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанға Малайзиядан ауруларды жылдам диагностикалау құралдары жеткізілмек

Қазақстанға Малайзиядан ауруларды жылдам диагностикалау құралдары жеткізілмек

7 Қыркүйек, 2017 18:31
Малайзиялық компания Қазақстанда AccoBiotech жылдам диагностикалау құралдарын таратады.

«AccoBiotech Sdn Bhd» малайзиялық медициналық диагностика құралдарын өндіруші «MediLab» ЖШС компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандумға сәйкес, MediLab Қазақстан Республикасында AccoBiotech жылдам диагностика құралдарын таратады. Диагностикалық құралдар әр түрлі ауруларды бірнеше минут ішінде анықтау үшін қолданылады.

Ақпарат бойынша, екі компания арасындағы келісім Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын өзгертуге арналады, елде ауыр инфекциялық ауруларды диагностикалау үшін жылдам әрі нақты құралдар алғаш рет қолжетімді болады. Қазақстан AccoBiotech өз өнімін экспорттайтын төртінші елге айналмақ. 

«Малайзияның ЭКСПО көрмесіне қатысуы кезінде біздің елдеріміздің арасында бизнес-әріптестікті дамытуға үлкен серпін берілгеніне қуаныштымыз. Бұл әр түрлі тақырыптарға өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қоюдың және диалогтар мен кездесулердің арқасында мүмкін болды», - деп мәлім етті Малайзияның Қазақстандағы елшісі Сайед Мохамад Бакри.

 
Барлық жаңалықтар