- Басты
- Жаңалықтар
- Түлкібаста қытайлық инвесторлар әк шығаратын зауыт салады
Түлкібаста қытайлық инвесторлар әк шығаратын зауыт салады
Осы мақсатта аудан әкімі Н.Тұрашбеков Қытай елінен келген кәсіпкер Лоджы Дунг пен оның бизнестегі серіктесі Яци Мин мырзамен кездесті.
Кездесу барысында әктас өндіруде тәжірибесі мол кәсіпорын Түлкібас ауданынан әлемдік стандартқа сай әк зауытын салуға ниетті екенін айтып, жобаға 10 млн АҚШ доллары болатын инвестиция құюға дайын екенін жеткізді.
«Үрімші қаласында әктас шығаратын 3 бірдей зауытымыз жұмыс істеп тұр. Бұл бағытта біздің тәжірибеміз мол. Жоба құны – 10 млн АҚШ долларын құрайды. Оның 7 млн. доллары зауытқа заманауи қондырғылар алуға жұмсалады. Кәсіпорын тәулігіне 400 тонна оксид кальциін шығаруға қауқарлы болады», - дейді Лоджы Дунг мырза.
Өз кезегінде аудан әкімі инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктерді баяндап, өңірдің экономикалық–әлеуметтік ахуалын әңгімеледі.
Егер жоба іске асса, аталған зауытта жаңадан 110 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
Жұмыс сапарымен келген кәсіпкерлер мұнан бөлек, аудандағы әк тас өндіретін кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері