2013 жылдың желтоқсанында қосымша нарықта баспана бағасы 0,6% өсті

8 Қаңтар, 2014 15:46
2013 жылдың желтоқсанында баспана нарығында бағалар көтерілгені анықталды, деп ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылдың желтоқсанында өткен аймен салыстырғанда қабатты үйлердің бағасы 0,6% өсті,а жаңа баспана мен жалға беру үйлердің бағасы  0,4%», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2013 жылдағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,9% өсті

Өткен жылда тұрмыстық қызмет көрсету, сервис орындарын жалға беру бағасы 5,5%, қойма жайларын – 3,7%, өндірістік жайларды – 3,4%, сауда орындарын – 3,3%-ға өсті.

2013 жылы бағаның ең көп өсімі фотосалондарды жалға беруде 17,1%, бильярд залдарын – 10,8%, дәріханаларды – 9,1%, өнеркәсіптік базаларды – 6,3%-ға қалыптасты.

 

Барлық жаңалықтар