- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемдік энергия тұтыну көлемінің өсімі келесі 25 жылда 30%-дан 50%-ға дейін құрауы мүмкін
Әлемдік энергия тұтыну көлемінің өсімі келесі 25 жылда 30%-дан 50%-ға дейін құрауы мүмкін
Иржи Колиба Чехияда көмір негізгі отын болып табылатынын атап өтті.
«Қазақстан Республикасы Чехия Республикасының энергетика саласындағы дәстүрлі және маңызды әріптесі болып табылады. Энергетика отын, кокс, газ, электр қуатын өндіруді ғана қамтымайды. Жаңартылатын энергия ресурстарын пайдалану бүгінгі заманның үрдісіне айналды. Қазірде үлкен өркениетті сын-тегеуріндер орын алып жатыр», - деді министр.
Министрдің айтуынша, адам әрекеттерінің және табиғи процестердің нәтижесінде планетамыздың экожүйесіне түсетін жүктеме ұлғайып келеді.
«Бұл мәселелер терең зерттеу мен талдауды қажет етеді. Гарвард университетінің болжамдарына сәйкес, келесі 25 жыл ішінде әлемдік энергия тұтыну көлемінің өсімі 30%-дан 50%-ға дейін құрауы мүмкін. Мұқтаждықтарды толық өтеу үшін халық энергия өндіруді ұлғайтуы тиіс. Көптеген елдерде қуаттылықтарды өсіру электр қуатына бағаның өсуіне және тегіс экологиялық салдарға әкеледі. Егер біз атмосфераға көмірқышқыл газ тасталымдары проблемасын қазір шешпесек, болашақта күтпеген шұғыл климаттық құбылыстармен соқтығысатын боламыз», - деп атап өтті Иржи Колиба.
Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі хабарлағандай, бірінші қадам қолданыстағы негізгі көздердің энергия тиімділігін арттыру болуы тиіс.
«Энергия тиімділігін арттыру қаржы салымдарын талап ететіні анық. Алайда, болашақта олар электр энергиясына шығыстардың қысқаруы, энергияны әлемдік тұтыну көлемінің өсу қарқынының баяулауы және қоршаған ортаға әсердің азаюы есебінен өтеледі. Энергия тиімділігі - бұл болашаққа инвестициялар», - деп түйіндеді спикер.
Жалпы, қазіргі уақытта Чехия Республикасының аумағында екі атом электр станциясында 6 ядролық реактор орналасқан.
Бұдан бұрын, Финляндияның тұрғын үй саясаты, энергетика және қоршаған орта министрі Киммо Тийликайнен «Kazenergy» IX Еуразиялық форумы барысында барлық елдер Париж келісімі аясында тығыз ынтымақтастық жасауы тиіс екенін айтқан болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі