- Басты
- Жаңалықтар
- Сарыарқа тарихынан сыр шертетін жүзден астам кітабы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына берілді
Сарыарқа тарихынан сыр шертетін жүзден астам кітабы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына берілді
Бас қосуға қатысушылар дөңгелек үстел басында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуын, рухани мұраны танымал ету мәселелерін талқылады. Қарағандылықтар кітапханаға ктіпатар берді – «Сарыарқа кітапханасы» 100-томдығын, Ә. Бөкейханның шығармалар жинағы 15-томдығын және «Қаз дауысты Қазыбек би» басылымының екі томдығын сыйлады.
Кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев болды. Сонымен қатар ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ «Сарыарқа кітапханасы» антологиясына еңбектері енген авторлар қатысты.
«Елбасының бастамасымен бастау алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамдың сананы жаңғырту, рухани жанданудың платформасы болып табылады. Бізге ең алдымен жастарды тәрбиелеу жүйесін анықтап алу қажет. Бұл ретте ұлы қазақ ағартушылары мен қайраткерлерінің еңбектеріне баға жетпес. Олардың қатарында Қазыбек би, Әлихан Бөкейханов бар», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Аймақ басшысы Қарағанды облысында ғұлама қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы кеңінен атап өтіліп жатқанын тілге тиек етті. Салтанатты шаралар оның туған жерінде – Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ кентінде өтті.
«Бұл мерекеге біз басқа аймақтардан қонақтарды шақырдық. Мерейтойға орай барлық естелік орындарды аралап шығатын авто керуен ұйымдастырылды. Халықаралық авто жүруге қатысушылар ежелгі қала Түркістанда болып, онда Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінде жерленген Қазыбек бидің орнын көріп қайтты. Айта кететіні, бұл акция жастардың бастамасымен ұйымдастырылды», - деді Ерлан Қошанов
Аймақ басшысы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшылығына кітаптар табыс етті.
«Сарыарқа кітапханасы» бірегей сериясы Қарағанды облыстық әкімдлігінің қолдауымен «Рухани мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде басып шығарылған. Анталогияның ішінде 352 автордың туындылары жиналған – Бұқар Жырау, Қаз дауысты Қазыбек биден бастап қазіргі заманғы жазушылардың шығармалары бар. Әрбір том 800 дана көлемінде басып шығарылған.
15 томнан құралған Әлихан Бөкейханның шығармалар жинағы бүгінгі таңда ең ауқымды болып табылады. Осыған дейін 9 том жарияланған болатын. Өткен жылы ұлы қазақ тұлғасы және публицисттің 150 жылдық мерейтойына орай жаңа жинақ басылды.
«Қаз дауысты Қазыбек би» екі томдығы 2017-ші жылы мерейтой қарсаңында басылып шығарылды. Бірінші томға мерзімдік басылымдар, мұрағат құжаттары, ғылыми-зерттеу жұмыстарынан материалдар енгізілді. Ал екінші томда тарихшы ғалым Жамбыл Артықбаевтың Қазыбек би туралы монографиясы жазылған.
«Біздің кітап қорымыз рухани мұра топтамасының бағалы басылымдарымен толықты. Бұл Сарыарқа мәдениеті мен тарихын кеңге жаю үшін ауқымды мүмкіндік береді», - деп баға берді сыйлықтарға ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітқан Мұғалбаева.
Алғыс ретінде Ерлан Қошановқа Ұлттық академиялық кітапхананың оқырман билеті табыс етілді. Кездесу барысында «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысында киелі жердерге экспедиция жасап, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерінің съезін ұйымдастыру ұсынылды. Аймақ басшысына бұл ой ұнады. ол осы мәселені көп кешіктірмей шешуге уәде берді. Кездесуге қатысушылар Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесінің өткізілуін де назардан тыс қалдырмады.
«Көптеген сұрақтар болды, басында ЭКСПО идеясын түсінбегендер көп болды. Қазір, көрменің жабылуына санаулы күндер қалғанда біз қорытындылар жасап жатырмыз, мүмкін ол қазақстандықтар үшін де, басқа халықтар үшін де қуатты ауызбірлік рөлін атқарған болған», - деп есептейді академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр