- Басты
- Жаңалықтар
- Барлық елдер Париж келісімі аясында тығыз ынтымақтастық жасауы тиіс – Финляндияның энергетика министрі
Барлық елдер Париж келісімі аясында тығыз ынтымақтастық жасауы тиіс – Финляндияның энергетика министрі
«АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы өкінішті. Алайда, қалған елдер Келісімде қалуға ниетті. Жуық арада Гамбургте әлемнің 19 ірі экономикасы мен жеке меншік компаниялары Париж келісімі алып тастауға жатпайтынын айтқан болатын. Барлық елдер осы бағытта тығыз ынтымақтастық жасап, міндеттемелердің орындалатынына көз жеткізуі тиіс. Бұл жерде Еуроодақ үлгі болып отыр. Біз осы салада заңнама қалыптастырып жатырмыз. Біз барлығымыз бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Саяси шешімдер аса маңызды», - деді К. Тийликайнен.
Оның айтуынша, баламалы энергия көздеріне сұранысты арттырып, энергия жүйелерінің тиімділігі мен тұрақтылығын жақсарту қажет.
«Финляндияның табысы мемлекет пен жеке меншік сектордың күшті әріптестігіне, озық технологиялар мен инновацияларға негізделеді. Біздің үкімет 2015 жылы көміртексіз болашаққа қол жеткізудің жол картасы мен нысаналы көрсеткіштерін іске қосты. Біз 2030 жылға дейін өршіл міндеттер қойып отырмыз. Біздің міндетіміз - пайдалы қазбалардың пайдаланылуын қысқарту. Энергетикада көмірді пайдалануды тоқтату. Біз энергия тиімділігін арттыру арқылы мұнай мен көмірді биоэнергияға ауыстырудамыз. 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің санын 35 пайызға ұлғайтпақпыз. Қажетті шараларды іске асыру кезінде өзіміздің бәсекеге қабілеттілігімізді және біліктілігімізді арттырамыз, басқа елдерге көмек көрсетеміз. Нарық осы саладағы озық технологияларды ілгерілететін елдерге жақсы мүмкіндіктер беретініне сенімдімін», - деді Финляндияның тұрғын үй саясаты, энергетика және қоршаған орта министрі.
Еске сала кетейік, «Kazenergy» IX Еуразиялық форумы барысында Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев ЭКСПО базасында бір ай ішінде Халықаралық жасыл технологиялар орталығы құрылатынын хабарлаған болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды