- Басты
- Жасыл технологиялардың халықаралық орталығы жақын арада құрылады
Жасыл технологиялардың халықаралық орталығы жақын арада құрылады

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жанармай-энергетикалық сала алдағы 17-25 жылда 19 трлн теңгеден асады, оның 97 пайызы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.
«Қазақстанның стратегиясы дәстүрлі энергетиканың жоғары көрсеткіштеріне ғана емес, баламалы және жаңармалы энергия көздерін дамытуға бағытталған. Соңғы жылдары баламалы энергетика көзі ел үкіметі тарапынан айтарлықтай қолдауға ие болды. Көптеген жетекші компаниялар, баламалы энергия көздерінің жетекші бизнес бағыттары ЖЭО тарапының әртараптандырылуын жүзеге асырады», - деді Қазақстанның энергетика министрі.
Энергетика министрлігінің басшысы айтып өткендей, Қазақстан баламалы энергобаланс пен жаңармалы көздерді белсенді түрде тартып жатыр. Олардың үлесі 2020 жылға қарай 3 пайызды, 2030 жылға қарай 10 пайызды, 2050 жылға қарай 50 пайызды құрайды.
Жасыл технологиялардың халықаралық орталығы келесі айда құрылады, жасыл бизнеске көшу мәселесімен айналысатын болады.
«Мұнай-газ саласында ұзақ мерзім бойы ынтымақтасып келе жатқан ірі компаниялардың тәжірибесі осы салада бізге міндетті түрде қажет болады. ENI, Shell компаниялары Қазақстианда өз белсенділігін арттыруды жоспарлап отыр. ЭКСПО базасында жақын айларда жасыл технологиялардың халықаралық орталығы құрылады. Ол «жасыл» бизнеске көшу мен энергетикалық секторды трансформациялаумен айналысады. Сондай-ақ, ол ЭЫДҰ дамыған елдерімен ынтымақтасатын болады. Ресей, қытай, АҚШ, Үндістан мен Латын Америкасы елдерімен ынтымақтасу ЭКСПО-ның жалғасы болып табылады», - деді министр.
Айта кетейік, Астанада «Kazenergy» IX Еуразиялық форумы ашылды. «Kazenergy» IX Еуразиялық форумы «Болашақ энергиясын қалыптастыру» тақырыбында өтуде.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды
-
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда
-
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды
-
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді
-
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
-
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал
-
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады
-
Елордада дзюдо орталығы ашылды
-
Sailau Talks 2021: «Халықтың 63 %-ның сайлауға қатысуы - шындыққа жақын көрсеткіш»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті

