- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Дешті-Қыпшақ» халықаралық форумы өтеді
Астанада «Дешті-Қыпшақ» халықаралық форумы өтеді
Қазақстандық ғалымдар Еуропа архивтерінен қазақ тарихына қатысы бар XIV-XVIII ғасырлардағы оннан астам карта тапты.
Құпия құжаттардың түпнұсқасы Ватикан, Рим елдерінде сақталған. Отандық ғалымдар табылған географиялық карталарды зерттей бастады.
«Карталардың түпнұсқасын алуға рұқсат жоқ. Дегенмен, көшірмесін біз алғашқы болып алдық. «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы 2017 жылы Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдавия, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Франция, Венгрия, Италия, Рим (Ватикан) елдері арқылы өтті. Экспедиция барысында табылған карталар әлемдік саяхатшылардың біздің жерімізде жүріп өткенін дәлелдейді», - деді Сапар Ысқақов.
Келешекте отандық телеарналарда 30-40 сериядан тұратын бабаларымыздың басқан ізі мен олардың болған жерлері туралы деректі фильмдер циклі көрсетілмек.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал 14 қыркүйекте «Тілеп Қобыз Сарайында» 13 ел өкілінің қатысуымен «Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» I халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді. Конференцияда қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы, қыпшақтардың өзге халықтармен этно-мәдени байланысы, мәдени-тарихи мұралар арқылы тарихымызды танытатын тақырыптар қозғалады.
14-17 қыркүйек күндері арылығында Астана қаласында ӀӀӀ Халықаралық этникалық мәдениетінің «The spirit of Desht-I-Kipchak» фестиваль-байқауы өтеді. Фестивальға 5 құрлықтың 40 елінен 100 ге жуық қатысушы келетінін айтты.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды