• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысындағы қазандықты қалпына келтіруге 615 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Жамбыл облысындағы қазандықты қалпына келтіруге 615 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

8 Қаңтар, 2014 16:07
Жамбыл облысы Талас ауданында «Игілік» КМК аудандық орталық қазандығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталу үстінде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«2013 жылы қазандықты жөндеуге 533 млн теңгеден астам, түтін құбырларын  жөндеуге 82,3 млн теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда осы жұмыстар аяқталу үстінде», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, аудандық орталық қазандық 136 көпқабатты үй мен 52 мемлекеттік мекеме және әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді.

 

Барлық жаңалықтар