- Басты
- Жаңалықтар
- М. Құл-Мұхаммед Өскемендегі құрылыстың сапасын тексерді
М. Құл-Мұхаммед Өскемендегі құрылыстың сапасын тексерді
«Нұр Отан» партиясының мәліметінше, Мұхтар Құл-Мұхаммед Өскемен қаласында кезекте тұрған азаматтар үшін салынып жатқан тұрғын үйдің құрылыс сапасын тексеріп, «Даму» қоры арқылы қаржыландырылған «Силумин-Восток» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, партияның облыстық активімен кездесіп, Елбасы айқындап берген басым бағыттарды жүзеге асырудың жолдарын талқылады.
Жалпы Өскемен қаласындағы 19-шағын ауданда 2021 жылға дейін 144 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде жалпы ауданы 876 мың шаршы метрді құрайтын 14327 пәтер халық игілігіне берілмек. Облыс орталығында мұндай ауқымдағы құрылыс жұмыстарын жүргізуге Елбасының бастамасымен қолға алынған жаңа мемлекеттік бағдарламаның арқасында мүмкіндік туып отыр.
Аталған тұрғын үйлерге коммуникация жүргізу үшін тек «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңірге 9 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Жаңа пәтерлердің халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне, бюджетті мекемелердің қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге берілетінін ерекше атап өткен жөн.
Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге аталған үйлердің құрылыс жұмыстарымен арнайы танысты. Болашақта бұл ауданда Өскемен қаласының сол жағалауының орталығын құру көзделуде.
Қазірдің өзінде мұнда тұрғын үйлерден бөлек, облыстық сот, прокуратура, қан орталығы, 1000 орындық орта мектеп, балабақша және дзюдо орталығының ғимараттары пайдалануға берілген.
«Келешекте бұл ауданда әкімдік ғимаратын, спорт кешенін, кинотеатр, студенттер қалашығын, қазақ драма театрын және қазіргі заманғы сауда орталығын салу жоспарланып отыр», - деді Өскемен қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Құдияров.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары