- Басты
- Жезқазғандықтар томографтан өз қалаларында өте алады
Жезқазғандықтар томографтан өз қалаларында өте алады

Енді жезқазғандықтар магнитті-резонансты томографияны өз қаласында өте алады. «Phillips» фирмасы шығарған Superstar 0,35Т ашық типті заманауи аппарат орталық қалалық аурухана негізіндегі «NOVA Medical Centre» диагностикалық орталығында орнатылған.
«Бір жыл бұрын «NOVA Medical Centre» клиника желісінің басшылығымен Жезқазған қаласының орталық ауруханасында бір орталық орналастыру туралы келіссөздер жүргізіле басталғантын. Келісім жасалды, қажетті ғимарат жабдықталды, міне, енді Жезқазған қаласының тұрғындары үшін де магнитті-резонансты томограф та қолжетімді болып отыр», - деп мәлімдеді Орталық аурухана директоры Есентай Мұсағұлов.
Осыған дейін Жезқазған тұрғындарына томографиядан өту үшін Қарағанды немесе Астана қалаларына бару керек болатын. Ал ауыр халдегі науқастарға мұндай тексерістен өту тіпті мүмкін болмаған. Айта кету керек, статистика бойынша Жезқазған қаласының орталық ауруханасына түскен екі науқастың бірі осындай диагностикадан өтуі керек.
Бастапқы режимде 120-дан астам науқас бұл аппарат арқылы тексерістен өтіп үлгерді, - деді «NOVA Medical Centre» клиника желісінің басқарушы директоры Құрманбек Жәніқұлов. – Медициналық қызметкерлер клиника желілерінде оқудан өтті жәнеде өз машықтарын жетілдіруді жалғастырады. Біздің аппараттың ерекшелігі – ол ашық типтегі модель: томограф науқасты барлық жағынан түсіруге мүмкіндік береді, соның арқасында көбінесе мұндай құрылғылардан қорқатын балаларды; дене салмағы әртүрлі ересектерді және клаустрафобиямен ауыратын – жабық кеңістіктен қорқатын науқастарды тексеруге болады. Сонымен қатар қажет болған жағдайда құрылғы түсірілімдерді желі бойынша қашықтан қарауға жібере алады. Оның көмегімен күрделі жағдайларда науқасқа дәрігерлер алқасы қашықтықтан да кеңес бере алады.
МРТ-да бас миын зерттеу жылдамдығы – 15-18 минутты құрайды. Процедура қауіпсіз және еш ауырмайды. Қажет болған жағдайда аппарат тәулік бойы жұмыс істей алады. 25 позиция бойынша: бас миын, омыртқаны, ішқұрылысты, буындарды және басқа да дене мүшелерін диагностикалау өткізіледі.
Магнитті-резонансты томография дәрігердің нұсқауы бойынша және медициналық көрсеткіштер бойынша өткізіледі. Процедура тегін түрде берілген квоталар шеңберінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына өтуге болалы. Квотаны алу үшін өз дәрігеріңізге барып, қажетті құжаттарды тапсыру керек.
Зейнеткерлер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Клиника Жезқазған қаласының орталық ауруханасында, бірінші қабатта орналасқан.
Айта кетейік, Жезқазған қаласындағы «NOVA Medical Centre» - Қазақстан бойынша медициналық орталық желісінің сегізінші филиалы. Клиника желісі медициналық қызмет көрсету саласында алдыңғы қатарлы орныдарды иеленеді және Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қостанай және Алматы қалаларында өзінің филиалдарына ие.
-
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
-
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді
-
Бала құқығын қорғау бойынша заңнамаға енген өзгерістер қандай
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді
-
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер
-
Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет
-
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі
-
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді
-
Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақаладан еш қайыр болмайды – Тоқаев

