- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жыл соңына дейін мектепке дейінгі мекемелерде 6400 қосымша орын ашылады
Астанада жыл соңына дейін мектепке дейінгі мекемелерде 6400 қосымша орын ашылады
Ведомство хабарлағандай, өнеркәсіптік кәсіпорындармен 4,2 пайыздық өсіммен 290 млрд теңгеге өнім өндірілді.
Қаланың экономикасына 442 млрд теңге инвестиция құйылды, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 7,3 пайызға артық.1680 мың шаршы метр аумақта тұрғын-үй салынды, өсім 28,1 пайыз.
Шағын және орта бизнес саласында субъектілердің саны 6,9 пайызға артты. Бөлшектеп сату тауар айналымының көлемі 11,3 пайызға артып, 579 млрд теңгені құрады.
«Экономиканың қарқынды өсуі қаланың бюджетіне кірістің артуына септігін тигізді. Мәселен, жыл басынан қала бюджетіне 158 113 млн теңге түсім түсті , ол өткен жылдың кірісінен 15 257 млн. теңгеге артық», - делінген хабарламада.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда мемлекеттік білім тапсырысын мемлекеттік және жеке балабақшаларда орналастыру үшін Алматы ауданы әкімінің аппаратына 385 млн теңге, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына 56 млн теңге және Есіл ауданы әкімінің аппаратына 219 млн теңге бөлінетін болады. Осылайша жыл соңына дейін Астананың мектепке дейінгі мекемелерінде 6400 қосымша орын пайда болады.
Айта кетейік, бюджеттің негізгі қаражатын орта білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала нысандарының материалдық-техникалық жабдығына жұмсау жоспарлануда. Онымен бірге апатты және ескі үйлер сүріліп, инвестициялық жобалар іске асырылмақ.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі