- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән береді
Қазақстан Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән береді
Кездесуде Мемлекет басшысы Джибути Республикасының Президентін Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады.
«Сіздің сапарыңыз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келді. Еліңіз тәуелсіздіктің 40 жылдығын атап өтті. Сіз бүгінгі сыйлыққа лайықтысыз. Мен сізді құттықтаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән беретініне тоқталып, Джибути Республикасының Африка құрлығында маңызды логистикалық орта саналатынын атап өтті.
Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық білдіріп, бұл оның Астанаға келген екінші сапары екенін айтты.
«Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақстанның қарқынды дамып, Астананың таңғаларлықтай өзгергенін атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан бүкіл ислам әлемі үшін зор маңызға ие болып отыр», – деді Джибути Республикасының Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру