- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарлық кәсіпкерлер мен Азық-түлік корпорациясының арасындағы дау халықты «әлеуметтік» нанынан айырады
Павлодарлық кәсіпкерлер мен Азық-түлік корпорациясының арасындағы дау халықты «әлеуметтік» нанынан айырады
Компанияның ақпараты бойынша, Павлодар облысының операторлары іс жүзінде өз өңірін «әлеуметтік» нансыз қалдырып отыр. Азық-түлік корпорациясымен келісім жасаудан бас тартуды олар көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан арзандатылған астық тасымалдағылары келмейтінімен түсіндіреді.
Өз кезегінде, Азық-түлік корпорациясының есептеулері бойынша, тіпті көлік шығындарын қосқанда бидайдың соңғы бағасы тоннасына 46 000 – 47 000 құрайды. Жалпы, компанияда атап айтқандай, ұнның тоннасын 1000 теңгеге қымбаттатқанда «әлеуметтік» нанның 600-грамдық бөлкесі бар болғаны 40 тиынға қымбаттауы керек.
«Әрине, аталмыш операторларға «коммерциялық мүдделер» ұғымы «қоғам алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне» қарағанда басым болып табылады. Бірақ солай болған күнде де операторлар пайда табады. Бірақ, бұл пайданың мөлшері оларды қанағаттандырмайтын сияқты», - делінген таратылған хабарламада.
«Егер павлодарлық операторлар өңірді арзандатылған ұнмен қамтамасыз етуге әрі қарай да мүдделі болмаса, Азық-түлік корпорациясы бұл ұнды өздерінде өңдеп, Павлодарға жеткізуге, қолдау көрсетуге дайын басқа өңірлердің операторларын ұсынады. Бұл үшін тиісті облыс әкімдіктерінің операторлар арасында арзандатылған астық алуға өңірлердің квоталарын бөлу туралы шешімдері ғана қажет етіледі», - дейді ұлттық компанияда.
Павлодарлық кәсіпкерлерден басқа Батыс Қазақстан облысының ірі операторларының бірі Азық-түлік корпорациясымен келісім жасаудан бас тартып, өзінің нан қабылдау кәсіпорнынан астық бөлуді талап етті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері