- Басты
- Жаңалықтар
- А. Мамин Маңғыстау облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді
А. Мамин Маңғыстау облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді
Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Құрық портындағы паром кешенінде болып, онда екінші іске қосу кешенінің құрылысы қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.
Қазіргі таңда порттың 114 нысанында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Паром кешенінің автокөліктерге арналған нысаны салынып, теңіз жағалауы табанын тереңдету жұмыстары аяқталуда. Батыс және шығыс қоршауларының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жоба жетекшілері порттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, пирсті пайдалануға беру шаралары туралы, автокөліктерді көтеріп-өткізетін көпірдің монтаждау жұмыстарының аяқталғандығын хабарлады. Ірі көлемді жүк үшін қосымша айлақ салу Құрық портының қуатын 7 млн тоннаға дейін арттырады. Қазіргі уақытқа дейін 166-дан астам кеме портқа келіп тоқтады, 756 мың тоннадан астам жүк түсіріліп тиелген. Биылғы жылдың соңына дейін 1 млн 300 мың тонна, ал келесі жылы 15 мың автокөлік және 3 млн тоннаға дейін жүк тиеп-түсіру жоспарланып отыр.
Құрық портының екінші іске қосу кешенінің құрылысына мыңға жуық адам жұмылдырылды.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Маңғыстау облысында стратегиялық маңызы бар «Нұрлы жол» бағдарламасының бірқатар жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтты. Оның ішінде, Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы, Бейнеу — Ақжігіт және Шетпе — Ақтау автожолдарының құрылысы бар.
Асқар Мамин еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, транзиттік және экспорттық әлеуетті ұлғайтуда Құрық паром кешені құрылысының маңыздылығын айтты.
«Құрық паром кешеніндегі теміржолдың құрамдас бөлігі 2016 жылы желтоқсанда аяқталды. Алдымызда биылғы жылдың соңына дейін автокөлік өтпе жолын пайдалануға беру міндеті тұр», — деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
А. Мамин екі жобаны толық қуаттылықпен іске қосу Транскаспий дәлізі арқылы жүктерді жыл бойы қабылдап-жөнелтуге мүмкіндік беретінін мәлімдей отырып, барлық жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.
«Маңғыстау облысы елеулі көлік-логистикалық әлеуетке ие. Елбасы Маңғыстау өңірінің дамуына ерекше назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде жаңа өнеркәсіптік өндірістер ашылып, көлік және туризм салаларында жобалар жүзеге асырылып жатыр, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Мұның барлығы өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді», — деді А. Мамин.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бейнеу — Ақжігіт — Тәжен автокөлік жолына қайта жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Жолды жөндеу жұмыстары биыл шілде айында басталған. Екінші санатты магистральдің ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Ол жол Бейнеуден басталып, Өзбекстанмен шекараға дейін жетеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан автожолды тексергеннен кейін, А. Мамин көшпелі кеңес өткізді. Шара барысында мердігер ұйымдар басшыларының есебі тыңдалды.
Қазіргі таңда автожолды қайта жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Учаскілерде 300-ден астам адам мен 150-ге жуық техника жұмыс жасауда.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары аталған автожолдың инфрақұрылымдық нысан ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
«Бұл өңір үшін өте маңызды жоба. Ол Орталық Азия елдерінен Ақтау және Құрық теңіз порты арқылы Кавказ, Түркия және Еуропа елдеріне транзиттік автокөлік ағынын қалыптастыруға ықпал етеді », — деді А. Мамин. Осы орайда ол автожолды сапалы салып, межелеген мерзімде аяқтауды тапсырды.
А. Мамин өңірге сапары барысында ИИДМБ аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың жұмысымен танысты. Соның ішінде, ол шыны-пластикалық құбырларды, темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттарда және күштік трансформаторларды жөндеу кәсіпорнында болды. Бұл зауыттардың өнімдері жоғары экспорттық әлеуетке ие.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады