- Басты
- Жаңалықтар
- Франция парламентшілері Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін жоғары бағалады
Франция парламентшілері Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін жоғары бағалады
Д. Кәлетаев біздің елімізге деген ықыласына орай француз депутаттарына алғыс айта келіп, Францияның Ұлттық жиналысы мен Сенатындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының маңызды рөлін атап өтті.
Меймандар Қазақстан Парламентіндегі жоғарғы палатаның қызметі мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырудың негізгі бағыттары туралы хабардар етілді.
Д. Кәлетаев Францияның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуына орай ризашылығын білдірді және келешекте көрме павильондарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Жасыл» технологияларды дамыту және инвестициялық жобалар орталығы мен Жаңа технологиялар паркі құрылатыны туралы әңгімеледі.
Ж.-К. Ленуар халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі мен оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі белсенді қызметін жоғары бағалады.
Француз сенаторы Қазақстанмен жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге өз елінің мүдделі екенін нақтылады және бұл үрдісте парламентаралық үнқатысу ерекше орын алатынын атап өтті. Әңгіме барысында саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстармен бірге екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, сондай-ақ ғарыш кеңістігін игеру жөніндегі бірлескен жобалар талқыланды. Кездесуге Сенат депутаты Талғат Мұсабаев қатысты.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды